Байқоңырда “Протон-К” зымыран тасығышы мен «KazSat» жер серігі ұшыру кешеніне шығарылды

Жер серігін ұшыруға ақырғы дайындық жұмыстарын жүргізу туралы шешім кеше мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.

Сағат 7-де зымыран 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусынан шығарылды. Онда өзара түйістіріліп, зымыранның бас бөлігіне орнатылған «KazSat» ғарыштық аппараты, ДМ-3 үдеткіш блогы мен зымыран тасығыш құрастырылды. 9 сағат 40 минутта зымыран 200-алаңның ұшыру кешеніне шығарылды.

Ғарыш айлағының мамандары алдағы 4 күнде зымыран тасығыш пен ұшыру кешенінің жүйелерін тексереді.

“Kazsat” жер серігі 18-маусымда ұшырылады деп межеленген. Ұшыру шарасына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ президенті Владимир Путин қатысады деп күтілуде.