"Протонды" №200 алаңның ұшырылым қондырғысына шығару жөніндегі шешім кеше, 10 наурызда мемлекеттік комиссияның отырысында қабылданды.
Бүгін таңертең жергілікті уақытпен 6 сағат 30 минутта техникалық жанармай құю станциясынан "Протон-М" зымыран тасығышы темір жолмен №200 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалдана бастады. Зымыран тасығыш жеткізіліп, №39 ұшырылым қондырғысына ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды.
Зымыранға қызмет көрсету фермалары жеткізілді. Қазір М. Хруничев атындағы орталығы, жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы мен "Байқоңыр" Федераллық ғарыш орталығының мамандары бірінші ұшырылым күнінің кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Ғарыш айлағының мамандары төрт күн бойы ұшырылым кешені мен зымыран тасығыштың жүйелерін тексеретін болады. №200 алаңның ұшырылым кешеніне тексерулер жүргізуде.
Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына межеленген.
"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.