"Байқоңыр" айлағында "Протон-М" зымыранын ұшырылымға дайындау жұмыстары жалғастырылуда. Ол американдық телекоммуникациялық "АМС-14" серігін орбитаға шығаратын болады.
Кеше "Протон-М" зымыран тасығышы темір жолмен №200 алаңның ұшырылым кешеніне тасымалданды. Зымыран тасығыш жеткізіліп, №39 ұшырылым қондырғысына ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылды. Ғарыш айлағының мамандары бекітілген жұмыс кестесі бойынша ұшырылымның бірінші күнгі жұмыс жоспарына кірісті.
Бүгін ұшырылым алаңында кестенің екінші күнгі операциялары жүргізілуде. Ғарыш айлағының мамандары күні бойы зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығын тексеріп, зымыранға май құюдың жұмыстарын шартты түрде жасайтын болады.
Ертең ұшырылым алаңында "Протон-М" зымыран тасығышы мен"АМС-14" ғарыш апаратының ұшырылымға дайындық жұмыстарының үшінші күні өткізіледі.
Байқоңырдан "АМС-14" ғарыш аппаратын "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен ұшыру 2008 жылдың 15-наурызына Астана уақытымен 5 сағат 18 минутқа межеленген.
"АМС-14" телекоммуникациялық спутнигін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы әзірлеген. Спутник 32 транспондермен жабдықталған және Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз ететін болады. "АМС-14" телекоммуникациялық спутнигі 15 жыл пайдалануға есептелген.