Байқоңырда "Протон-М" зымыран тасығышын Норвегияның "Тор-2Р" жер серігімен ұшырылым алаңына шығару жөнінде мемлекеттік комиссиясының шешімі күтілуде

Ғарыш айлағында "Протон-М" зымыран тасығышының биылғы жылдағы екінші ұшырылымына дайындық жұмыстары аяқталуда.

Бүгін отын құю стансасында төмен қысымды бактарды "Бриз-М" үдеткіш блогындағы қоспалармен толтыру жұмыстары аяқталды. М.Хруничев атындағы орталықтың мамандары зымыран тасығышты ұшырылым алаңына шығарудың соңғы дайындық операцияларын жүргізуде.

"Протон-М" зымыран тасығышын "Бриз-М" үдеткіші және "Тор-2Р" ұшырылым кешеніне жеткізіліп, ұшырылым алдындағы жұмыстарын жалғастыру жөнінде шешімді бүгін кешке жетекшілердің жасалған жұмыстары көрсетілген баяндамаларына баға беретін мемлекеттік комиссия шығару керек.

"Кестеге сәйкес "Протон-М" №200 алаңның №39 ұшырылым қондырғысына 7 ақпанда жергілікті сағат 6.30 шығарылады деп межеленген. Зымыран ұшырылым "үстеліне" тік қойылған соң, үш тәулік бойы зымыранның жүйелері мен ұшырылым құрал- жабдықтары тексеріледі.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты Байқоңырдан "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 2008 жылдың 10 ақпанында ұшырылады деп күтілуде.

Салмағы 2450 килограмм болатын, "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын Orbital Sciences Corporation (OSC, АҚШ) корпорациясы жасаған. "Тор-2Р" ғарыштық аппаратын жасауға Норвегияның Telenor компаниясы тапсырыс берген. Компания ұялы және тұрақты байланыс қызметін көрсетіп, өз жер серігі арқылы мәліметтер мен телевизиялық сигналды жіберетін болады.

"Тор-2Р" ғарыштық аппараты 24 транспондермен қамтамасыз етіліп, Солтүстік және Орталық Еуропа елдеріне телехабарларын таратуға арналған. Жер серігі 15 жыл бойы адамдарға қызмет жасайтын болады.