Ғарыш айлағында 2008 жылғы бірінші ғарыштық ұшырылымға дайындық жұмыстары соңғы сатыға көшті.
Кеше 21 қаңтарда 92А-50 алаңның монтаж-сынақ корпусында М.Хруничев атындағы Мемлекеттік ғарыштық ғылыми-өндірістік орталығының мамандары, М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары "Протон-М" зымыран тасығышының құрастыру жұмыстарын аяқтады. "Протон-М" жинастырылғаннан соң оны "Бриз-М"төменгі қысымдағы үдеткіш блогындағы бактарындағы отынмен қамтамасыз ету үшін, ол отын құю стансасына жеткізілді.
Күн кестесі бойынша отын құйылғаннан кейін "Протон-М" ракета тасығышы ұшырылуы алаңының дайындық кешенінен ауыстырылады.
"Протон-М" РЗ "Экспресс-АМ33" ҒА ұшырылу алаңына 25 қаңтарда қойылады деп жоспарланған. Олардың ұшырылу жұмыстарын одан әрі қарай дайындап, "Протонды" алаңға тұрғызу жөнінде шешім Мемлекеттік комиссиясының отырысында 24 қаңтарда шығарылады.
"Экспресс-АМ33" ғарыштық аппараты "Протон-М" зымыран тасығышының көмегімен 28 қаңтарда Астана уақытымен 6 сағат 19 минутта ұшырылады деп жоспарланған
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Экспресс-АМ33" ғарыш аппаратын Железногорск қаласындағы М. Решетнев атындағы ғылыми-өндірістік білестігінің мамандары Францияның Thales Alenia Space фирмасымен бірлесе жасаған. Жер серігі 12 жыл белсенді жұмыс істеуге тиіс. "Экспресс-АМ33" байланыс, телерадио хабарларын тарату, мәліметтер беру, жылжымалы үкіметтік және президенттік байланысты қамтамасыз етуге арналған.
Бұл аппарат орбитада 2006 жылғы наурызда "ғарыштық қоқыспен" соқтығысу салдарынан апатқа ұшыраған "Экспресс-АМ11" геостационарлық жер серігін алмастыруға тиіс.