Байқоңырда «Протон-М» зымыранын жөндеу жұмыстары аяқталды

М.Хруничев атындағы орталық мамандары өткен аптада істен шыққан «Протон-М» зымыранын жөндеу жұмыстарын аяқтады.


           «Зымыран-тасығыш қайта тексеріліп жатыр. Сол аяқталғаннан кейін зымыранның екпін алу блогына жанармай толтырылады», - деп  ғарыш айлағындағы ақпарат көзі хабарлады.
           Оның айтуынша, жақын күндері «Протон» зымыраны құлаған жерден алынған топырақты тексеру жұмыстарының нәтижесі белгілі болмақ.
           «Гептил мен амил қоспасы белгіленген мөлшерге сәйкес болған жағдайда Қазақстан «Протон» зымыранын ұшыруға рұқсат етуі тиіс. Содан соң зымыранды ұшыру кешеніне орнатуға болады», - дейді ол.