Агенттік тілшісі хабарлағанындай, салтанатты жиналыста қала әкімшілігінің басшысы Александр Мезенцев "Байқоңыр" кеденінің қызметкерлерін құттықтады. Ал атап өткеніндей, қазақ кеденшілерінің жемісті қызметінің және ресей ғарыш кәсіпорындарымен қарым- қатынастары нәтижесінде, маңызды ғарыштық ұшырылу бағдарламаларының маңызды мінддеттері жүзеге асырылып, қала мен ғарыш айлағының барлық жағдайы жасалып, қамтамасыз етіліп отыр.
1992 жылы құрылған "Байқоңыр" кедені өз қызметінде ҚР Конституциясын, Қазақстан Республикасының кеден туралы заңымен жұмыс істеп қана қоймай, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасында жасалған халықаралық келісімдерді пайдалануда. Ынтымақтастықты нығайту мақсатында "Байқоңыр" кедені жанынан Ресей Федерациясының кедендік өкілдігі құрылды.
"Байқоңыр" кеденшілері "Крайний" и "Юбилейный" аэродромындағы кеден терминалдарына, «Төретам» темір жол станциясында қызмет көрсетеді.
2007 жылы "Байқоңыр" кеденінен республикалық бюджетке кеден төлемдері мен салық мөлшері 130 млн теңге түсті, ал жыл аяғына дейін болжамданып отырған төлемдер 165 млн жетеді. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 6 млн артық.
Ғарыштық-зымыран техникасын кедендік төлемдерден босату туралы "Байқоңыр" кешенін жалға алу жөнінде 8 келісім шартының негізінде, биылғы жылы 100 млрд теңгені құрайды. Сонымен бірге "Байқоңыр" кедені аймағындағы қызметі бойынша, көлік және сауда- саттық айналымы $2 млрд 184 млн құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті