Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, монтаж-сынақ кешенінің 92А50 алаңында ғарыштық аппараттың монтаж-жинақ жұыстары жүргізілуде. Технологиялық құрастыру жұмыстарынан кейін жер серігін жасап шығарған ресейлік зауыттың мамандары аппараттың жүйелерін тексеріп, электр сынақтарын жүзеге асырады. Қазір ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстары кестеге сәйкес іске асырылуда.
"KazSat" жер серігін ұшыру мерзімі 8-маусымға межеленген.