Лавочкин атындағы ғылыми-өндірістік бірлестігінің мамандары "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының қызметкерлерімен бірге № 31 алаңының жанармай құю станциясында "Фрегат" үдеткіш блогының қозғалтқышының багына жанармай құю жұмыстарын жүргізуде. Жанармай құйылып біткеннен кейін "Фрегат" үдеткіш блогы RadarSat-2 ғарыш аппаратымен және өтпелі жүйесімен түйістіру үшін монтаждау-сынақ корпусына жеткізіледі.
RadarSat-2 канадалық ғарыш аппаратын "Союз-ФГ" зымыран тасығышы мен "Фрегат" үдеткіш блогының көмегімен Байқоңырдан 2007 жылдың 14-желтоқсанында ұшыру жоспарланған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті