Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ғарыш айлағының №31 алаңында №40 монтаж-сынақ корпусының камераларында тапсырыс беруші Канада және Ұлыбритания фирмаларының өкілдері Роскосмос мамандарының қолдауымен RapidEye бағдарламасы бойынша бес жер серігін ұшыруға дайындала бастады.
Кеше бірінші ғарыштық аппаратқа жанармай құйылған, ал бүгін мамандар арнаулы стендте орнатылған екінші жер серігіне жанармай құя бастады.
Тағы екі ғарыштық аппарат тестіден өткізу сатасында.
Бес жер серігін алып ұшатын "Днепр" зымыран-тасығышының кластерлік ұшырылымы тамыздың ортасында жүзеге асырылмақ.