Өткен аптада ғарыш айлағының мамандары №92А-50 ғарыш алаңының монтаж-сынақ корпусында ғарыштық бас бөлікті жалпы құрастыруды аяқтады, бұдан кейін зымыран тасығыш үдеткіш блоктың жоғары қысымды бактарына жанармай құю үшін техникалық жанармай құю станциясына жеткізілді.
Бүгін "Транспорттық-химиялық машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы" мамандары екі күнге созылған жанармай құю жұмыстарын аяқтап келеді.
"Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышын ұшырылым кешеніне ертең шығару көзделуде. Зымыран ұшырылым "үстеліне" тік күйінде орнатылып, ғарыш айлағының мамандары үш тәулік бойы ұшырылым алдындағы дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышы 27 маусымда Астана уақытымен 05 сағат 59 минутта (мәскеудің 03.59 сағаты) ұшырылады деп межеленген.