Байқоңырда ресейдің техникалық қадағалау комиссиясы өз жұмысын аяқтады

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, инспекция Байқоңыр ғарыш айлағы және қаланың инфрақұрылымына кіретін қауіпті өндіріс нысандарын тексерген болатын. Олардың қатарында сондай-ақ, жанар-жағар май бекеттері, зымыран отындарының құрамаларын сақтайтын қоймалар, азот-оттегі зауыты, ұшырылу кешендері және монтаждық-сынақ корпустары, қалалық ТЭЦ, хлораторлық стансасы және т б. нысандар бар.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, жұмыс тобын ресей техникалық қадағалау қызметкерлерінің бірі, экологиялық, техникалық және атом қадағалау Федералды қызметі жетекшісінің орынбасары Николай Кутьин басқарды

Комиссия мүшелері Байқоңыр әкімшілігінің, Байқоңыр федералдық ғарыш ортылығының жетекшілерімен бірқатар кездесулер өткізді. Апта ішінде инспекторлар кешендегі нысандарды аралап, олардың техникалық жағдайын және техникалық қадағалауды ұйымдастыру жәйімен танысты.

Н. Кутьиннің сөздері бойынша, тексерулер нысандардың техникалық жағдайының жақсы екендігін көрсетті. "Ресей техникалық қадағалау инспекторлары жасаған тексеру қорытындылары бойынша," Байқоңыр" кешенінің өндірістің бақылауын жақсарту туралы ұсыныстарын жасалды", - деп атап өтті ол.