Байқоңырда "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық кесте бойынша өтіп жатыр

Баспасөз қызметінің хабарына сүйенсек, С. Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыш корпорациясының мамандары, Байқоңыр федералдық ғарыш орталығы мен Самараның "ЦСКБ-Прогресс" зауытының филиалы қызметкерлері № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында "Союз ТМА-11" пилотты ғарыш кемесіне авторлық тексеру жүргізуде.

16-шы негізгі экспедиция және 13-ші Халықаралық ғарыш станциясына бару экспедициясының экипажын алып ұшатын пилотты "Союз ТМА-11" ғарыш кемесі бар "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылымы 10 қазанға жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті