Баспасөз қызметінің берген ақпараты бойынша бүгін кешке экипаж ғарышкерлерінің жаттығу жұмыстары аяқталғаннан соң, "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі №31 алаңындағы отын құю станциясына жеткізіліп, ертең кеме қозғалтқышы жанармай компоненттерімен толтырылатын болады. Ғарыш айлағының мамандары кемені тасығыштың үстіне орнату жұмыстарына кірісті.
"ЦСКБ-Прогресс" бөлімшесінің мамандары №112 алаңында "Союз ТМА-12" кемесін ғарышқа алып шығатын "Союз-ФГ" РТ дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
"Қазіргі уақытта РТ пневмо-гидрожүйесі, өлшем жасау жүйесі, басқару жүйесінің сынағына дайындау жұмыстары мен зымыран тасығышының бірінші және екінші сатысының пакеттері құрастырылып жатыр", - деп хабарлады "Роскосмос" баспасөз қызметі.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясының Халықаралық ғарыш станциясына ұшырылуы ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан 2008 жылдың 8 сәуіріне Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Йи Сойон кіреді.