Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін көктемде Халықаралық ғарыш станциясына ұшыруға дайындық жұмыстары жалғасуда

Ғарыш айлағы мамандары Байқоңырға 5-ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.

С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық "Байқоңыр" орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында кеме жүйесін тексеріп, электрлік сынақтар жүргізуде.

"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа алып ұшуға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағына жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Зымыран жеткізілгеннен кейін ғарыш құралын ұшыруға дайындаудың қарқынды кезеңі басталады.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.

Кеме құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Коны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді. Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.