Ғарыш айлағы мамандары Байқоңырға 5-ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстарын жалғастыруда.
С. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында кеме жүйесін автономды жағдайда тексеріп, енді кешенді тексеруге кірісті. №31 алаңның жанармай құю станциясында "Союз ТМА-12" ғарыштық кораблінің қозғалтқыш қондырғысына отан компоненттері мен сұйытылған газ құю жұмыстары басталды.
"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа алып ұшуға арналған "Союз-ФГ" зымыран тасығышы ғарыш айлағына жақын арада жеткізіледі деп күтілуде. Зымыран жеткізілгеннен кейін ғарыш құралын ұшыруға дайындаудың қарқынды кезеңі басталады.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
"Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесін ғарышқа ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Коны Халықаралық ғарыш станциясына жеткізеді.