С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық "Байқоңыр" орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін жаңғыоықсыз камерада сынап көрді.
Ғарыш мамандары дайындық жұмыстарының кестесіне сәйкес, "Союз ТМА-12" пилоттық ғарыш кемесінің жүйелерін тексеруге кірісті.
Ғарыш кемесі негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келгенге дейін дайын болуға тиіс.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция мен сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Коны жеткізеді.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.