С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық "Байқоңыр" ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін жаңғырықсыз камерада сынап көрді.
Тексерулер аяқталғаннан кейін, қозғалтқыш құралдарын отынмен толтыру дайындықтары жүргізілетін болады. Отын аптаның соңында құйылады.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.
"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция мен сонымен қатар 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Ли Со Енді жеткізеді.