Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүріп жатыр

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, мамандар "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің қозғалтқыш құрылғысын жанармай компоненттерімен толтыру жұмыстарына дайындауда.

Бүгін "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының, бас кәсіпорынның және Самараның "ЦСКБ-Прогресс" кәсіпорынының Байқоңыр қаласындағы филиалының мамандары №112 алаңның монтаж-сынақ корпусында "Союз-ФГ" зымыран тасығышының дайындық жұмыстарына кірісті. Оның көмегімен "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі ғарышқа шығарылады.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ғарышкерлер экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуіріне белгіленген.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажын жеткізбек. Ол экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков, Олег Кононенко және 14-ші экспедиция мүшесі Корея Республикасының азаматшасы Ли Со Ен кіреді.

"Союз ТМА-12" ғарыш кемесінің негізгі және қосалқы экипаждарының ғарыш кемесінде жаттығулар мен ұшу алдындағы дайындықтың соңғы кезеңін өткізу үшін Жұлдызды қалашықтан "Байқоңыр" ғарыш айлағына келуі келесі аптаның ортасына межеленіп отыр.