Байқоңырда "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесінің ұшырылымы дайындалуда

Ғарыш айлағының мамандары Байқоңырға 5 ақпанда жеткізілген "Союз ТМА-12" ғарыш кемесі ұшырылымының дайындығына кірісті.

С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералды ғарыштық "Байқоңыр" орталығы кемені вагоннан шығарып, арнайы стендке орнатты.

"Союз ТМА-12" ғарыш кемесі бойынша жұмыстар белгіленген кесте бойынша басталды. Жақын уақытта динамикалық тексерулер өткізіліп, олар аяқталғаннан соң ғарыш айлағының мамандары пневматикалық сынақтарын өткізудің дайындықтарына көшеді.

"Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесі экипажымен бірге Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру үстіміздегі жылдың 8-сәуіріне межеленген.

Қазіргі уақытта Звездный қалашықта құрамында ресейлік ғарышкерлер Сергей Волков, Олег Кононенко бар 17-ші негізгі экспедиция, сонымен қатар Халықаралық ғарыш станциясына баратын 14-ші экспедицияның ғарышкері - Корея Республикасының азаматы Сан Ко сапарға дайындалуда. Негізі экипаж мүшелері жарты жылдық ұшу мерзіміне дайындалуда. Ал Корей ғарышкері 10 тәуліктен соң, 16 экспедиция эпипажы мүшелері Юрий Маленченко және Пэги Уитсонмен түсірілетін "Союз ТМА-11" ғарыш аппаратымен жерге оралады.

Негізгі және қосалқы экипаждар ұшу алдындағы дайындақтан өту үшін Байқоңыр ғарыш айлағына наурыздың аяғында келеді деп жоспарлануда.