Caravan Logo

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде

Байқоңырда "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі сынақтардан өтуде

С.П. Королев атындағы "Энергия" ғарыштық-зымыран орталығы мен Федералдық "Байқоңыр" ғарыштық орталығының мамандары № 254 алаңның монтаждау-сынақ корпусында ғарыш кемесін вакуум-камерада тексеруде.

Онда кеменің герметикалық қасиеттері мен корпусы тексереді.

Бұдан кейін "Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кораблі тексерулерді одан әрі жалғастыру үшін стендке орнатылады.

Халықарлық ғарыш станциясына ғарышкерлер экипажын жеткізетін "Союз ТМА-13" ғарыш кораблі 2008 жылдың 12 қазанында ұшырылады.

Қазір Жұлдыздар қалашығында 18-ші негізгі экспедицияның негізгі экипажы ғарыштық сапарға дайындалуда. Экипаж құрамында Ресей ғарышкері Юрий Лончаков, американдық астронавт Эдвард Майкл Финк пен ғарыштық турист, 15-ші экспедицияның ғарышкері, АҚШ азаматы Ричард Гэрриот бар.