"Союз ТМА-13" пилотты ғарыш кемесін №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 12 қазанына Астана уақытымен 13.01-ге белгіленген.
№254 алаңның монтаж-сынақ корпусында С.Королев атындағы "Энергия" зымыран-ғарыштық корпорацисының, Федералдық "Байқоңыр" ғарыш орталығының мамандары ғарышкерлер корабльдің түсірілетін аппаратында жатығулар жүргізгеннен кейін "Союз ТМА-13" ғарыш кемесін қозғалтқышына жанарй құю үшін №31 алаңдағы техникалық жанармвай құю станциясына тасымалдауға дайындай бастады. Айлақ мамандары корабльді тасымалдаушыға тией бастады.
Жанармай құйылғаннан кейін ғарыш кемесі монтаж-сынақ корпусына қайтарылады. Онда келесі аптада ғарышкерлерлің екінші жаттығуы өтеді.