Жалпы машина жасау жөніндегі конструкторлық бюро мен "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының күштері жабдықтарды тексеріп, кестеге сәйкес басқа да жұмыстарды жүзеге асырады.
"Союз ТМА-9" пилотты ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына негізгі 14-экспедицияның экипажы - Михаил Тюрин мен Майкл Лопес-Алегрианы және Иран текті АҚШ -тың әйел - ғарышкері Ануше Ансариді жеткізеді. Ол Халықаралық ғарыш станциясында 11-экспедицияның бағдарламасына сәйкес қысқа мерзімді сапармен болып қайтады.
Зымыран қыркүйектің ортасында ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті