Байқоңырда "Союз-ФГ " зымыран тасығышы мен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесін ұшырылымға дайындау кестесінің екінші күнгі жұмыстары жүргізілуде

Бүгін ғарыш айлағының мамандары №1 алаңның ұшырылым кешеніне 6-сәуір күні орнатылған "Союз-ФГ" зымыран тасығышының ұшырылым алдындағы дайындығын жалғастыруда.

Кеше зымыран-тасығышта кестенің бірінші күнгі операциялары өткізілді. Бүгін ұшырылым алаңында кестенің екінші күнгі операциялары жүргізілуде. Ғарыш айлағының мамандары күні бойы зымыран тасығышының ұшырылымға дайындығын тексеріп, зымыранға май құюдың жұмыстарын шартты түрде жасайтын болады.

Ғарышкерлер экипажының 17 экспедициясы мен 14 экспедиясын "Союз-ФГ" зымыран тасығышының көмегімен "Союз ТМА-12" пилотты ғарыш кемесімен ғарыш айлағының №1 ұшыру алаңынан Халықаралық ғарыш станциясына ұшыру 2008 жылдың 8 сәуірінде Астана уақытымен 17.16-ға белгіленген.

Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 17 экспедицияның негізгі экипажын жеткізеді. Экипаж құрамына Ресей ғарышкерлері Сергей Волков пен Олег Кононенко, сондай-ақ, 14-экспедиция ғарышкері, Оңтүстік Корея азаматшасы Йи Сойон кіреді.