Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышы ұшыру алаңына шығарылды

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне қарағанда, "Союз У" зымыран тасығышы "Космос" ғарыш аппаратымен бірге 31 -ші ұшыру алаңына жеткізілді. Зымыран тасығыш іске қосу қондырғысына орнатылып, айлақ қызметкерлері ұшыру жұмыстарының алғашқы кестесі бойынша жұмысқа кірісті. Әуелі ұшыру кешенінің аппараттары және жердегі қондырғылар тексірілді, сонымен қатар борт аппаратурасы зымыранның ұшуын қайталау арқылы басты сынақтан өткізілді.

"Космос" ғарыш аппаратымен "Союз-У" зымыран тасығышын 31 алаңнан ұшыру 14 қыркүйек күні кешкі уақытқа жоспарланған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті