Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық жұмыстары аяқталып келеді

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін "Космос" ғарыштық аппараты мен "Союз-У" зымыран тасығышы құрастырыла бастады. Сонымен бірге Астана уақыты бойынша 17 сағатта Байқоңырда мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда "Союз-У" зымыран тасығышын ғарыш айлағының №31 алаңының ұшыру кешеніне тасымалдауға және оны ұшыруға дайындық жұмыстарына қатысты шешім қабылданады. "Союз-У" зымыран тастығышы 2-қыркүйекте 15 сағат 59 минутта ұшырылады.