Байқоңырда "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен "Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесінің ұшырылымын дайындаудың екінші күнгі кестесі бойынша жұмыстар жүргізілуде

Кеше ұшырылым кестесінің бірінші күнінің дайындық жұмыстары аяқталып, жер үсті кешені зымыранмен түйістіріліп, зымыранның ұшырылымы басталғаннан және ғарыш кемесінен бөлінуіне дейін ұшу циклогроммасы жасалды.

Бүгін ұшырылым кестесінің екінші күнгі дайындықтары басталып, оны жүргізу кезінде зымыран тасығышының жүйесі тексеріліп, "Союз-У" ЗТ ұшыру дайындығы тексеріліп, зымыранға жанар май құюдың имитациясы жасалады.

"Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесін "Союз-У" зымыран тасығышының көмегімен Халықаралық ғарыш станциясына №1 алаңның №5 ұшыру қондырғысынан 11 қыркүйек күні Астана уақытымен 01 сағат 49 минутта (Мәскеу уақытымен 23 сағат 49 минут) ұшыру жоспарланған.

"Прогресс М-65" жүк тасымалдаушы кемесі Халықаралық ғарыш станциясына шамамен 2,5 тонна жүк жеткізеді. Олар станция орбитасын сақтап тұратын жанармай, азық-түлік, су, ғылыми құралдар.