"Ұшақ айдап әкетудің алдын алу және ескерту" тақырыбындағы арнайы тактикалық оқу-жаттығулары "Крайний" әуежайында 22 мамырда өткізіледі. Ресейдің ұлттық антитеррорлық комитетінің жоспарына сәйкес оқу жаттығуларға ФСБ, Байқоңыр кешеніндегі Ресей ІІМ ІІД, ТЖМ, әскери бөлімшелері қатысады.
Жаттығуларды ұйымдастырудың мақсаты, Ресей және ғарыш айлағында орналасқан қауіпсіздік органдары мен күш құрылымдары арасындағы ықпалдастығын тексеру және ұшақ айдап әкетудің лаңкестік қаупі туындау кезінде басып алынған кемедегі кепілге алынғандарды босату, лаңкестерді құрықтау шараларын орындау.
Байқоңырда бұл тақырыпқа арналған ірі көлемді оқу-жаттығулары алғаш рет өткізіледі.