Байқоңырда "Зенит-2М" зымыран-тасығышының сынақтары басталды

"Бүгін 43-алаңның монтаж-сынақ корпусынан "Зенит-2М" зымыран-тасығышын шығару шарасы жүзеге асырылды. Зымыран модернизацияланған ұшырылым кешенінің жабдықтарын тексеру үшін 45-алаңдағы ұшырылым қондырғысына орнатылды. Бұл ұшырылым "Жер үсті ұшырылымы" атты бағдарлама аясында жүзеге асырылады. Оның барысында зымыранға жанармай құюдан бастап ұшырылым алдындағы дайындықтар толық іске асырылады",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Сынақтардан кейін зымыран ұшырылым кешенінен алынып, ұшырылымға тікелей дайындау үшін монтаждау корпусына жіберіледі.

"Жер үсті ұшырылымы" бағдарламасы аясында Ресейдің "Космос" аппараты мен "Зенит-2М" зымыран-тасығышының алғашқы ұшырылымы 2007-жылдың қаңтар айына межеленген.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті