Байқоңырда "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын ұшыруға дайындық одан әрі жалғасуда

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының алдағы ұшырылымы "Жер үсті ұшырылымы" деп аталатын жаңа халықаралық бағдарламаның аясында жүзеге асырылады.

"Sea Launch" ("Теңіздегі ұшырылым") бағдарламасы бойынша Odyssey теңіз платформасынан жасалатын ұшырылымдар кезінде пайдаланылатын "Зенит-3SL" зымыран тасығышын ұшыру үшін ғарыш айлағында №42 алаңдағы монтаж-сынақ корпусы мен №45 алаңдағы ұшырылым кешені реконструкцияланды.

Байқоңырдан Израильдің AMOS-3 телекоммуникациялық жер серігін ұшыруға арналған үш сатылы "Зенит-3SLB" зымыран тасығышының бірінші ұшырылымын 2008 жылдың наурыз айында ұшыру межеленген.

№42 алаңның монтаж-сынақ корпусында Ресейдің ауыр машина жасау жөніндегі конструкторлық бюросы, "Вымпел" тәжірибелік конструкторлық бюросы, "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығы, Украинаның "Южное" МКБ және "Южмашзавод" мамандары"Зенит-3SLB" зымыран тасығышы жүйелерінің кешенді сынақтарын аяқтады.

Дайындықтардың кестесіне сәйкес, "Зенит-3SLB" зымыран тасығышын №45 алаңның ұшырылым кешеніне кешенді сынақтар үшін жіберіледі, бұдан кейін зымыран ұшырылымға дайындау үшін монтаж-сынақ кешеніне жіберіледі.

Amos-3 жер серігі орбитада 1996 жылы ұшырылған Amos-1 аппаратын алмастыруға тиіс. Amos-3 Ku-диапазондағы ретрансляторлардың таралу аймағын кеңейтіп, Таяу Шығыс, Еуропа, Африка мен Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аудандарында жоғары сапалы байланыс пен мәліметтер жіберуді қамтамасыз етеді.