Байқоңырда жаңа сериялы "Прогресс М-01М" жүк кемесін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Байқоңырға "Прогресс М-01М" жүк кемесі мен "Метеор-М" ғарыштық аппаратын ұшыруға арналған екі "Союз" зымыраны жеткізілді.

"Союз-У" зымыран тасығышы 2008 жылдың қараша айында Халықаралық ғарыш станциясына "Прогресс М-01М" жүк кемесін жеткізуге арналған.