"Бриз-М" жанармай құйып біткеннен кейін № 92А50 алаңының монтаждау-сынақ корпусына қайтарылады, осыдан кейін "Бриз-М" мен осы монтаждау-сынақ корпусында ұшу алды дайындығынан өтіп жатқан JCSAT-11 жер серігімен түйістіріледі",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.
Бұрын хабарлағанымызда, жер серігін Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы өндірген, Жапония мен көршілес аймақтардағы тұтынушыларға телекоммуникациялық қызметтерді жапониялық JSAT Corporation компаниясы атты байланыс операторы көрсетеді. JCSAT-11 ғарыштық аппараты Жапония мен Азия-Тынық мұхиты аймағында телекоммуникациялық қызметтер көрсетеді. Жер серігі кем дегенде 15 жыл қызмет етуге тиіс.
"Протон-М" зымыран тасығышын "Бриз-М" үдеткіш блогымен бірге мен JSAT-11 ғарыштық аппараты 2007 жылдың 6- қыркүйегінде ұшырылады деп межеленген.