Байқоңырда жазда тағы да екі ғарыш ұшырылымын жүзеге асыру жоспарланып отыр

Бүгін "Байқоңыр" ғарыш айлағынан жаз айларында жоспарланған үш ұшырылымның алғашқысы Ресейдің әскери мақсаттағы "Космос" жер серігін алып ұшатын "Протон-К" зымыран тасығышының ғарыштық ұшырылымы сәтті іске асырылды. Ғарыш аппараттарының ұшырылу жоспарына сәйкес, "Байқоңыр" ғарыш айлағында тағы екі жаздық ұшырылым жоспарланып отыр. Тамыз айында Inmarsat-4F3 телекоммуникациялық жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышы мен Rapid Eye жер серіктерін бірге ұшатын "Днепр" конверсиялық зымыранының ұшырылымы жоспарланған.

Жыл басынан бері Байқоңырдан Ресейдің және халықаралық ғарыш бағдарламалары бойынша зымыран тасығыштар 9 рет ұшқан. Ал Байқоңырдан 2008 жылы барлығы 20 ғарыштық ұшырылым жоспарланған.