Ақпарат көзінің хабарлауынша, М.Хруничев атындағы орталық мамандары 92-1 алаңының монтаж-сынақ корпусында Ресей Қорғаныс министрлігінің мүддесіне сай ұшырылатын "Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон" зымыран тасығышын ұшыруға дайындала бастады.
"Космос" жер серігін алып ұшуға тиіс "Протон-М" зымыран тасығышы мен "Бриз-М" үдеткіш блогы желтоқсанның басында ғарышқа жол тартуға тиіс.
Бұл 2007 жылдың аяғына дейін ұшырылады деп межеленген үш "Протонның" екіншісі.
Таяу уақыттарда "Протон-М" зымыран тасығышы Sirius-4 ғарыштық аппаратын алып 18 қарашада ұшуға тиіс.
"Протон" ұшырылымдарының биылғы ең соңғысы 25 желтоқсанда "Протон-К" зымыран тасығышы үш бірдей "Глонасс-М" жер серіктерін алып ұшумен аяқталады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті