Байқоңырдағы радиоактивті қалдықтар Семей полигонында көміледі

Қазан айында ғарыш айлағында "Радон" ғылыми-өндірістік бірлестігінің тобы жұмыс істеп, радиоактивті қалдықтарды тасымалдауға әзірледі. 29-қазанда Семей полигонында істейтін қазақстандық мамандар ғарыш айлағының аумағынан қалдықтардың басым бөлігін алып кетті. Қалдықтарды Семей полигонында жасырған топ радиоактивті қалдықтардың қалған бөліктерін алу үшін ғарыш айлағына қайтадан келеді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Кеңес Одағы дәуірінен қалған ионды сәуле көздерін сақтау үшін ғарыш айлағында 94А учаскесінде арнаулы орын әзірленді. Ресейлік және Қазақстандық мамандардың аталмыш алаңдағы радиоактивті қалдықтарды сақтау бөліміндегі өлшеу жұмыстары көрсетіп бергеніндей, алаңдағы гамма-сәулелердің қуаты табиғи радиациялық фон шеңберінен шыққан жоқ, ал қойманың едені мен қабырғалары радионуклидтермен ластанбаған.
Комиссия рекультивациялық жұмыстардан кейін 94А алаңының аумағын өндірістік және шаруашылық мақсатта шектеусіз пайдалануға болады деген тұжырымға келді.