"Қазіргі уақытта "Байқоңыр" ғарыш айлағының инфрақұрылымдық нысандарын Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігінен Федералдық ғарыш агенттігіне тапсыру аяқталып келеді. Ұйымдастыру-штаттық шаралар аясында ғарыш-айлағында 2005 жыл мен 2008 жыл аралығында 30 әскери бөлім мен бөлімше таратылды. Онда 2 мың офицер мен прапорщик әскери қызметтен өтіп жатқан болатын", - деді Алексей Золотухин.
Баспасөз қызметі сондай-ақ, "Байқоңырды" пайдалану үшін Роскосмос құрамында арнайы басқарма құрылатындығын хабарлады.