31-қаңтарда жер серігі мен зымыран тасығыш ұшу алаңына шығарылып, айлақ мамандары аппарат жүйелерін ұшу алдындағы тексеруге кірісті. Ертең, 2-ақпанда мемлекеттік комиссияның отырысы өтіп, онда ұшырылым туралы шешім қабылданады. "Протон" 3-ақпанда ұшырылады деп межеленген.
Сонымен бірге 28-ақпанда "Союз-5" зымыран тасығышын алып "Прогресс" жүк кораблі ұшырылады. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және құрал-жабдықтарды жеткізеді.