Байқоңырдағылар кезекті ғарыштық ұшырылымдарға әзірленуде

Федералдық ғарыш орталығының ақпаратына сәйкес, мамыр айының ішінде ғарыш айлағынан үш аппарат ұшырылады. Мәселен, 21-мамырда "Протон" ауыр зымыран тасығышы АҚШ-тың Direct-TV8 байланыс жер серігін алып ұшады. Ол АҚШ-тың құрлықтағы бөлігі мен Аляска және Гавайи аралдарына радио және телехарбарларды таратуға арналған. Телекоммуникациялық жер серігі 92А-50 алаңындағы монтаж-сынақ корпусында ұшырылымға әзірленуде.

27-мамырда РС-20 атты орташа класқа жататын зымыран-тасығышты шахталық ұшыру шарасы жүзеге асырылады. Ол жер орбитасына бірден бірнеше аппаратты шығарады.
Сонымен бірге 31-мамырда орта класты "Союз" зымыран -тасығышы "Фотон" ғарыштық аппаратын алып ұшады. Ол микрогравитация жағдайында ғылыми-технологиялық эксперименттер жүргізуге арналған. Жер серігін дайындау жұмыстары №112 алаңдағы монтаж-сынақ корпусында жүргізіліп жатыр.