Бүгін, 8-маусымда Байқоңырда "Прогресс М-53" жүк тасушы кемесіне зымырандық отын мен сұйытылған газ құйылады. "Прогресс" кемесімен "Союз-У" зымыран тасығышын ұшыру 17-маусымға белгіленген. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және құрал-жабдықтар жеткізеді.
Сонымен бірге ғарыш айлағында ресейдің "Экспресс-АМЗ" телекоммуникацияқ жер серігін ұшыруға дайындық жүргізілуде. "Вымпел" конструкторлық бюросының мамандары "Байқоңыр" Федералдық ғарыш орталығының инструкторлық тобымен бірлесіп, алаңның монтаж-сынақ корпусында жер серігін тексеріп жатыр.
"ДМ" үдеткіш блогы бар "Протон-К" зымыран тасығышымен "Экспресс-АМЗ" ғарыштық аппаратын ұшыру 23-маусымға межеленген.