Байқоңырдағылар "Прогресс М-54" жүк кемесін ұшыруға қамдануда

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Прогресс М-54" жүк кемесі 8-қыркүйекте ұшырылуға тиіс. Жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясына отын, азық-түлік, су және станциядағы сынақтарға арналған жаңа аппаратураларды жеткізеді.

Бүгін, 31-тамызда жүк кораблінің қозғалтқышына отын мен сұйытылған газ құю межеленген. Бұдан кейін жүк кемесі №254 алаңдағы монтаж-сынақ кешеніне қайтарылады.