Байқоңырда АҚШ-тың "АМС-14" жер серігін алып ұшатын "Протон-М" зымыран тасығышының дайындық жұмыстары басталып кетті. Ұшу уақыты 15-наурызға белгіленді.
М. Хруничев атындағы орталық мамандары ғарыш айлағына 13-ақпан күні жеткізілген "Протон-М" зымыран тасығышының бөліктерін вагондардан шығаруға кірісті.
15-ақпан күні ғарыш айлағына "АМС-14" жер серігі жеткізіледі деп күтіліп отыр. сондай-ақ, жақын уақыттарда Байқоңырға жер серігін орбитаға алып шығуға арналған "Бриз-М" үдеткіш блогы жеткізілмек.
"АМС-14" ғарыш аппаратын Lockheed Martin Commercial Space Systems компаниясы жасаған. Жер серігі Солтүстік Американың тұтынушыларын байланыспен қамтамасыз етпек. "АМС-14" 15 жыл пайдалануға арналған.