Байқоңырдан "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігі ұшырылды

"Зымыран қалыпты жағдайда ұшырылды",- деп хабарлайды мекеме.

Зымыранды ұшыруға байланысты қандай да бір қауіп-қатер мен залал-зардапты жою мақсатымен ұшырылымға дейінгі 2 сағат пен одан кейінгі бір сағаттың ішінде Қарағанды, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының апаттан құтқару күштері мен құралдары жоғары дайындық жағдайына келтірілді.

Арабияның жер серігі байланысы ұйымына қарасты "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігі сандық телевидение қызметін көрсету, тікелей телевизиялық хабарлар тарату, тұтынушыларға мәліметтерді жеткізу және Араб әлемі елдеріне Интернет қызметін жеткізуге арналған. "АрабСат-4Б" телекоммуникациялық жер серігі "АрабСат" ғарыштық байланыс жер серіктері тобының екінші серігі болып табылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті