Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ұшырылым қалыпты тәртіпте белгіленген мерзімде Астана уақытымен 8 сағат 14 минутта ұшырылды. "ғарыштық аппарат тірек орбитаға шығрылды, таяу уақыттарда тапсырыс берушінің пайдалануына өтеді",- дейді баспасөз қызметіндегілер.
Ұшырылымды "Космотрас" Халықаралық ғарыш компаниясы РФ Қорғаныс министрлігі мен Ресейдің Федералдық ғарыш агенттігі ұйымдастырды.
"TerraSAR-X" спутнигін Германияның әуеғарыш орталығы (DLR) мен "EADS Astrium GmbH" компаниясы шығарған. "Ғарыш аппараты 514 шақырым биіктіктегі синхронды полярлық орбитада 97,44 градусқа еңкейтіле орнатылады. "TerraSAR-X аппаратының орбитадағы жұмыс мерзімі" шамамен 5 жылға жоспарлануда. Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жер серігі жаңаша радармен жабдықталған, ол жер бетінің интерферометрлік суретін түсіруге және Жерге қашықтан тиімді зонд жүргізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ғарыш айлағынан "теңіздегі ұшырылым" бағдарламасы бойынша ұшырылады. 2006 жылдың қыркүйегінен бастап 42-ші алаңның жөндеу-сынақ корпусында ғарыш айлағының мамандары "Зенит-2М" зымыран тасымалдағашын "Космос" сериялы ресейлік спутнигімен ұшыруға дайындау жұмыстарын жүргізген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті