Ұшырылым Астана уақытымен 3 сағат 10 минутта жүзеге асырылды.
OICETS және INDEX ғарыштық аппараттары Жапонияның ұлттық ғарыш агенттігінің ғылыми-зерттеу сынақтарын жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл - "Днепр" бағдарламасы бойынша ұшырылған 5-ші зымыран тасығыш. Дүниежүзіндегі ең қуатты құрлықаралық баллистикалық РС-20 зымырандарының негізінде "Днепр" ғарыштық зымыран кешенін жасап пайдалануға бағытталған бұл бағдарлама әлемдегі ең ірі конверсиялық бағдарламаға жатады.
"Днепр" зымыран тасығышының көмегімен 2005-жылдың маусым-қараша айларында Жапонияның OICETS және INDEX ғарыштық аппараттарын ұшыру туралы осы елдің JAXA аэроғарыштық зерттеулер агенттігі мен "Космотрас" Халықаралық ғарыштық корпорациясымен арадағы келісім-шартын Роскосмос 2005-жылдың сәуір айында мақұлдаған.