Байқоңырдан «Экспресс-АМ7» байланыс спутнигімен «Протон-М» ұшырылды

«Протон» есептелген уақытта аттанды. Құрамында «Бриз-М» үдеткіш блогы мен «Экспресс-АМ7» ғарыштық апппапраты бас ғарыштық бөліктерінің бөлінуі мәскеу уақытымен 01:14-ке белгіленген, ал спутниктің үдемелі блоктан бөлінуі таңертең, мәскеу уақытымен 10:18-де болады», деді агенттік сұхбаттасушысы.

«Экспресс-АМ7» ғарыш аппаратын еуропалық Airbus DS (бұрынғы EADS Astrium) компаниясы ресейлік «Ғарыштық байланыс» федералдық мемлекеттік кәсіпорны спутниктік байланыс операторы тапсырысымен жасалған.  

 «Экспресс-АМ7» телерадиохабарларын тарату, кеңжолақты интернетке қол жеткізу, мәліметтер беру, телефония, жылжымалы байланыс қызметтерін көрсетуге арналған. «Бриз-М» үдеткіш блогы спутникті биіктігі 36 мың шақырымдық геостационарлық орбитаға шығарады.