Байқоңырдан «Экспресс-АМУ1» байланыс спутнигімен «Протон-М» зымыраны ұшырылды

«Таяудағы минуттарда үдету блогы спутникті мақсатты орбитаға жеткізу үшін двигатель қондырғысын іске қосады», деді ғарыш агенттігінің өкілі.

Байқоңыр ғарыш айлағынан «Протон-М» зымыран-тасығышы 25 желтоқсанда астана уақытымен 03:31-де ұшырылды. Бұл жыл басынан бергі 18-ші  және оны аяқтайтын Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған зымыран-тасығыш. Әуелде ұшыру 24 желтоқсанға белгіленген болатын, бірақ та ғарыш айлағындағы күшті желдің салдарынан бір тәулікке кейінге қалдырылды.

«Экспресс-АМУ1» спутнигін еуропалық   Astrium концерні жасап шығарған. Аппарат ұшыру салмағы 5,9 тоннадай 70 транспондерлерді көтере алады. Ол шығыстық бойлықтағы 36 градустық нүктеде геостационарлық орбитада орналасады.


Спутник Ресей, Еуропа және Африкадағы Сахараның оңтүстік жағы аумағында қызмет көрсетеді. «Экспресс-АМУ1» 15 жыл бойы пайдаланылады.