Inmarsat-4F3 жер серігін өзімен бірге алған "Протон-М" зымыран тасығышы 2008 жылғы 19 тамызда Астана уақытымен 4 сағат 43 минутта ұшырылды.
Зымыран тасығыштың бірінші және екінші сатылары ұшу циклограммасының уақытына сай дәлме-дәл бөлінді. Ғарыштық аппарат "Протон-М" зымыран атсығышымен тірек орбитаға шығарылды.
"Бриз-М" үдеткіш блогы мен жер серігінің зымыран тасығыштың үшінші сатысынан бөлінуі қалыпты режимде жүзеге асырылды.
Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты есепті уақытта геостационар орбитаға шығарылды.
Салмағы 6 тонналық Inmarsat 4F3 ғарыштық аппаратын EADS Astrium концерні EUROSTAR 3000 платформасының негізінде Ұялы жер серігі байланысының ғаламдық ірі халықаралық операторы Inmarsat тапсырысымен жасаған. Inmarsat 4F3 ғарыштық аппараты Жер аумағының 85%-ын қамтитын ғаламдық жер серіктерінің тобына қосылады.