Зымыран тасығыш межеленген уақытта ұшырылды.
Осыған дейін хабарланғандай, бұл 2007 жылғы бірінші ұшырылым, ол Кеңестік зымыран техникасының негізін қалаған Сергей Королевтің 100 жылдық мерейтойына арналады. "Союздардың" баламасы - Р-7 зымыранының негізін қалаушының құрметіне кеменің обтекателіне Королевтің суреті ілінді.
"Прогресс М-59" ғарыштық жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына жанармай, су және 14-ші негізгі экспедиция ғарышкерлеріне азық-түлік, ғылыми жабдықтар секілді екі тоннадай жүк жеткізуі тиіс.