Баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін жүк кемесінің бас обтекателіне ғарыштану теориясының негізін қалаушы-ғалым К.Э.Циолковскийдің суреті орнатылады. 5-қыркүйекте ғалымның 150 жылдық мерейтойы атап өтілмек. Бұл 2007-жылы ұшырылған екінші мерейтойлық "Прогресс" болмақ: былтыр қаңтар айында "Прогресс М-58" жүк кораблінің ұшырылымы конструктор С.П. Королевтің 100 жылдығына арналған болатын. Онда да жүк кемесінің бас обтекателіне зымыран техникасының негізін қалаушының суреті орнатылды.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, №31 алаңның жанармай құю станциясында "Прогресс М-61" жүк кемесіне отын мен сұйытылған газ компоненттерін құю аяқталды. Бүгін таңертең "Прогресс" №254 алаңның монтаж-сынақ корпусына жеткізіліп, арнаулы стендке қойылды.
Алдағы тәуліктерде "Прогресс" жүк кемесінде ақырғы сынақтар жүргізіліп, сенбіде "Союз-У" зымыран тасығышымен түйістіру үшін бас обтекатель дайындалады.
"Прогресс М-61" жүк кемесі Халықаралық ғарыш станциясына борт компьютерлерінің жабдықтары мен негізгі жүк болып саналатын азық-түлік, ғылыми жабдықтар мен отын жеткізуге тиіс.
"Прогресс М-61" жүк кемесі мен "Союз-У" зымыран тасығышы 2-тамызда Астана уақытымен 21 сағат 32 минутта (Мәскеу уақытымен 19 сағат 32 минут) ұшырылады деп межеленген.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті