Байқоңырдан «Метеор» спутнигімен «Союз-2.1б» зымыраны сәтті ұшырылды


«Ұшыру 8 шілде күні Мәскеу уақытымен сағат 19.58-де Байқоңыр ғарыш айлағының 31-ші ұшыру кешенінде сәтті жүзеге асырылды», - деп хабарлады баспасөз қызметінен. 

«Метеор-М» 2-ші гидрометеорологиялық және мұхиттық қамтамасыз ету ғарыштық кешені болмақ. Ол ауа райына болжам жасау мақсатында жаһандық гидрометеорологиялық ақпараттарды жедел алуға, жер маңындағы ғарыштық кеңістіктегі радиациялық жағдайға және озон қабатына бақылау жасауға арналған.